1934

Петропавлда алғашқы Жалпықазақстандық шаңғы жарыстары бойынша
жарыс өтті. 3 км қашықтықты құрайтын жарыста спортшы А.Гершунова
(Алма-Ата), 5 км-де – Воронцова (Ақтөбе) жеңімпаз деп танылды. Ерлер
арасында 10 және 30 км қашықтықты жүріп өту жарысында қарағандылық
В.Голубенко топ жарды.

1935

Семей қаласында балалар ұжымы арасында шаңғыдан жарыс өтті.

1936

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Бірінші
Жалпықазақстандық қысқы шаңғы жарысы өтті.

1937

Семейде 1-ші Республикалық қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада
өтті.

1938

Семейде 1-ші Республикалық қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада
өтті.

1941

1941-1945 жж. дене шынықтыру ұйымдарының қызметі Кеңес Әскері
резервінде тұратын қызметшілерді дайындауға бағытталған. ҰОС
майданында көптеген атақты спортшы-шаңғышылар болды.

1946

Шаңғы жарыстары бойынша Қазақ КСРО біріншілігі жаңартылды.

1949

Шаңғы спорты кафедрасы құрылды, ол бүгінгі күнге дейін Қазақстан
Республикасында әдістемелік және спорттық жұмыстар орталығының бірі
болып табылады.

1960

Қазақстанда Шаңғы спортының федерациясы құрылды. Оның бірінші
төрағасы А.А.Брыжин болды.

1962

Бірінші ведомствоаралық облыстық жарыс. Оған Спартак, Қайрат, Динамо,
Еңбек резервтері, Буревестник, Еңбек сынды спорттық қоғамдар қатысты.

1968

Шаңғы жарыстары мен биатлонның даму тарихының басталуы. Зеренді
балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің ашылу датасы. Бірінші
директор: Кайль Арнольд, бірінші жаттықтырушылар: Шаров Валерий
Григорьевич и Райфегерсте Иван Оттович.

1972

1972-1990 жылдары Шаңғы спорты федерациясын көп уақыт, КСРО
ыдырағанға дейін А.М.Зайцев басқарды.

1980

Зерендіде шаңғыроллер бойынша Бірінші Қазақстан Чемпионаты. Бұл
құрылыстан соң осыған ұқсас трассалар Щучинскіде және Алма-Атада
салынды.

Зерендіде Қазақстан бойынша бірінші шаңғыроллер трассасы
салынды, онда шаңғыроллері бойынша бірінші Республика Чемпионаты өтті.

1984

Жыл сайын шаңғыдан Зеренді марафоны өте бастады. Қысқы спорт түрлері
бойынша Ақмола облысының БЖСМ-нің ашылуы.

Жоғары спорттық
көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін, бұл мекемеге олимпиада резервін
дайындау бойынша мамандандырылған БЖСМ мәртебесі берілді. Щучье,
Зеренді, Сандықтау, Бұланды, Ақкөл, Аршалы, Жарқайың аудандары мен
Степногорск (Шаңтөбе) және Көкшетау қалаларында шаңғы бөлімшелері
жұмыс істейді.

Қазақстан кубогы, Владимир Смирновтың юниорлық эстафетаға 4-тен 5
километрге дейін алғашқы қатысуы.

1992

1992-1994 жж. Егемен Қазақстанның Шаңғы спорты федерациясын
Р.К.Мергалиев, ал Шаңғы жарыстары федерациясын В.Л.Мутовин басқарды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS)
құрамына кірді. Құрылтайшы конференциясында Зеренді селосында
Қазақстандық әуесқой шаңғы одағының құрылуы.

КСРО ыдырағаннан кейін
қазақстандық шаңғышы-ардагерлер Ресейден бөлінді. Қазақстандық әуесқой
шаңғы одағы жұмыс істеп тұрған уақытта спортшылар Әлем чемпионатына
(ӘЧ) қатысып, түрлі атақ бойынша 39 медаль жеңіп алды. Қазақстан туы
Әлем чемпионатында қазақстандық жеңімпаздардың құрметіне бірнеше рет
көтерілді, сонысымен-ақ, елімізде әуесқой шаңғы спортының қызметі мен
атағын асқақтатты.

1994

1994 жылдан бастап 1996 жыл аралығында ҚР шаңғы спорт түрлері
федерациясын М.В.Ли, шаңғы жарыстарын Ю.М.Бергалиев басқарды.
Кейінгі 4 жылда ҚР Шаңғы спорт түрлері федерациясы президентінің
қызметін В.А.Сорокин атқарды. 2002 жылға дейін отыз жыл шамасында Бас
хатшы П.Г.Семенов болды.

Қазақстан Республикасының шаңғы спорты
ардагерлерінің Әуесқой Одағының мүшелері бірінші рет Германияның
Финстерау қаласында Әлем чемпионаттарына қатысты.

2000

Шаңғы спорты түрлері федерациясының атауы өзгерді, оны З.Х.Кәкімжанов
басқарды.

2005

Ұзындығы 1,6 километрлік екінші жарақтандырылған шаңғыроллерлі тарсса
салынды. Зеренді, Ақмола облысы.

2006

«Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясы» құрылды.

2010

Қазақстанның Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясының президенті болып
Өмірзақ Естайұлы Шүкеев тағайындалды. Осы жылы Федерация штабын
Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.

2011

Алматы принимал на спортивных объектах комплексные международные соревнования — VII-е Азиатские игры. К этому мероприятию в ущелье Салдат-сай был построен лыжно-биатлонный комплекс, проложены лыжные трассы для соревнований по лыжным гонкам, биатлону и спортивному ориентированию на лыжах. Соревнования по сноуборду, фристайлу проводились на склонах горнолыжного курорта Табаган. Горнолыжные дисциплины проходили на Чимбулаке.

2014

«Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенінде трамплиннен
секіру бойынша Әлем кубогының кезеңдері, солтүстік тәртіп бойынша
юниорлар арасында Әлем чемпионаты өтеді.

2017

Алматыда XXVIII Қысқы Универсиада. Бұл шараға әлемнің 57 елінен 2000
астам спортшы қатысты. Жарыс 12 спорт түрі бойынша 8 спорт нысанында
өтті, 85 жиынтық медаль ойнатылды. Жалпы медальдық есепте Қазақстан 11
алтын медалімен, 8 күміс және 17 қола медалімен екінші орын алды.
Барлығы Қазақстан 36 медаль жеңіп алды.

2018