1945 жылы Қостанай облысының Соколов кентінде дүниеге келген. Шаңғы жарысымен шындап әскери борышын өтеп келгеннен кейін айналыса бастады. Әскер қатарында жүріп веложарыспен айналысқан және КСРО-ның спорт шебері нормативін орындап, үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Қазақстан чемпионатында Қостанай үшін алғаш рет өнер көрсеткенде республиканың аға жаттықтырушысы назар аударып, спорттың бұл түрімен шындап айналысуға ұсыныс жасаған. Олар қателеспеді.
Филимоновтың айтуы бойынша Гаранин ұқыпты әрі тәртіпті шәкірттердің бірі болды. Ол республика бойынша алғашқылардың қатарында циклдық жұмыста жылына 11 мың шақырымнан асқан үлкен көлемге шыққан. И.И. Гараниннің діттеген мақсатына деген ұмтылысы, ерік-жігері, ұстамдылығы КСРО шаңғышыларының жоғары жетістіктерге жетуіне септігін тигізді. Гаранин шаңғысын киіп, жарыс жолына шыққанда барлық жанкүйерлер тік тұрып құрмет көрсететін. Себебі ол халықтың сүйіктісі еді. Сондықтан да оны ерекше сыйлап, Иван Иванович деп атады.
КСРО құрамасының сапында өнер көрсетіп жүрген уақытта (1971-1978 жж) ол екі мәрте ХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының қола медалін иеленіп (1976 ж.), әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жеті мәрте ел чемпионы, бес мәрте КСРО кәсіподақ спартакиадасының жеңімпазы және екі мәрте КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1974 ж.) атанған.
И.И. Гаранин – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жылдар бойы Қостанай облысының аға жаттықтырушысы болып еңбек еткен. Бүгінгі таңда ардагерлер арасында әлем чемпионаттарына қатысып, өз жас шамасында жүлделі орындарды иеленуде.