Ұлттық құрама

Владимир Николаевич Сахнов

Владимир Николаевич Сахнов

КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері
Туған күні 25.04.1961
Облыс Ақмола
Өмірбаян Нәтижелері

1961 жылы Целиноград облысы Балкашино ауданының Каменка ауылында дүниеге келген. Кейін ата-анасы Балкашино аудан орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан Петровка ауылына көшіп барған. Шаңғы тебумен 16 жасынан бастап айналыса бастады. Бүгінгі өлшемдер бойынша салыстырмалы түрде біршама кеш. Владимир отбасында ағайынды үшеу және олардың барлығы да шаңғы жарысымен айналысқан. 1975-1976 жылғы маусымда Балкашино ауданында өткен жарыста ол тұңғыш рет жеңіске жетіп, кейін ағасы Иванның кеңесімен Көкшетау облысының Щучие қаласындағы Бурабай орман шаруашылық техникумына түседі. Ол жерде шәкірттері ауыл спортшылары арасында республика бойынша жетекші позицияларды иеленіп жүрген жаттықтырушы Альберт Павлович Смагиннен тәлім алады.

Сол кездегі жасаған таңдауының дұрыстығын уақыт дәлелдеді. Володия асқан табандылықпен шаңғышылардың физикалық және техникалық жүктемелерін игеріп жатты. Нәтижесінде еңбегінің алғашқы жемістерін де көре бастады. 1979 жылы жасөсіпірімдер арасында КСРО-ның құрама командасына мүше болып алынды. Ал 1981 жылы еліміздің ұлттық құрама командасының сапына кірді. 1982 жылы 50 км қашықтықта сынға түсіп, КСРО халықтарының қысқы спартакиадасында чемпион атанса, 1984 жылы Сараева қаласында өткен XIV Қысқы Олимпиада ойындарында 4-ші  (30 км) және 8-ші орынды (50 км) иеленді. Сондай-ақ, ол 1987 жылғы әлем чемпионатында және Калгариде ұйымдастырылған XV Қысқы Олимпиада ойындарында  4*10 км эстафедалық жарыста күміс жүлдені жеңіп алды.

Владимир Сахнов төрт мәрте КСРО чемпионы және үш мәрте КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы атанған (1982 және 1986 жж.). Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері. Әу баста алыс қашықтықтарда сынға түссе, кейінгі жылдары 15 км қашықтық пен эстафеталарда өте жақсы өнер көрсетті.

Қазіргі таңда Владимир Германияда тұрады, үйленген, екі баланың әкесі.

Күні Жарыстар Бағдарламасы Нәтижесі
10.02.1988 Калгаридегі Қысқы Олимпиада ойындары Эстафета 4х10 км 2
17.02.1987 Оберстдорфтағы Әлем чемпионаты Эстафета 4х10 км 2